Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені қайта төмендету туралы шешім қабылдады. 4 қыркүйектен бастап базалық мөлшерлеме жылдық 16,25% деңгейінде белгіленді. Пайыздық дәліз ±1 пайыздық тармақты құрайды.

Бұған дейін базалық мөлшерлеме шілде айында 16,75%-ға дейін төмендетілген болатын.

Неліктен мөлшерлеме төмендетілді?

Ұлттық банк шешім қабылдау кезінде макроэкономикалық бағалауларды, жаңа болжамдарды және инфляцияға әсер ететін тәуекелдерді ескерді.

Негізгі факторлардың бірі – баға өсімінің баяулауы. Тамызда жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеді. Ұлттық банктің мәліметінше, дезинфляция процесі 11 ай қатарынан жалғасып келеді.

Азық-түлік инфляциясы 9,5%-ға дейін төмендеді. Бұған жеміс-жидек пен көкөніс бағасының арзандауы және импорттық өнім құнының төмендеуі әсер еткен.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі 11,4%-ға дейін баяулаған. Қызмет көрсету саласындағы инфляция да 8,9%-ға дейін төмендеді.

Инфляция бойынша болжам қандай?

Тамызда тұтыну бағалары 0,6%-ға өсті. Халықтың инфляциялық күтулері де төмендеді: шілдеде алдағы бір жылға болжам 12,1% болса, маусымда бұл көрсеткіш 13,4% болған.

Ұлттық банк 2026 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 9–11% деңгейінде болады деп болжап отыр.

Ал 2027 жылға арналған болжам жоғары қарай қайта қаралды. Енді реттеуші инфляцияны 6,5–8,5% деңгейінде күтеді. Бұған дейінгі болжам 5,5–7,5% болатын.

Ұлттық банктің келесі базалық мөлшерлеме бойынша шешімі 2026 жылғы 23 қазанда жарияланады.

Еще больше интересного

Генерал әкім болды

https://youtube.com/shorts/WdrGyI3Jwwo?feature=share Генерал әкім болды Алматы облысының әкім креслосына генерал Шыңғыс Әрінов жайғасты. Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының...

Әкім кетті

https://youtube.com/shorts/hkGgWFhmjYw?feature=share Әкім кетті Ауыс-түйіс жалғасып жатыр.Кеше Үкімет құрамы жасақталса,ендігі назар өңірлерде. Ақордадан жеткен ақпаратқа сәйес, Мемлекет басшысы Марат Сұлтанғазиевті...

Мүгедектігі бар балаларға арналған мектеп қандай болуы керек? Жаңа...

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға қолжетімді мектептің қандай болуы керектігін айқындайтын жаңа ұлттық стандарт қолданысқа енді. ҚР СТ 4023-2025...