Елена Рыбакина әлем теннисінің шыңына шықты

Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады.

Тоқаев теннисшіге чемпиондарға тән жалынды рухтан қуат алып, жаңа белестерге батыл қадам баса беруіне тілектестік білдірді.

Қазақстандық теннисші карьерасында алғаш рет WTA рейтингінің көшін бастады. Рыбакина бұл тарихи нәтижеге US Open-2026 турнирінің ширек финалында Қытай өкілі Чжэн Циньвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, жартылай финалға шыққаннан кейін қол жеткізді.

Бұл – Қазақстан теннисі тарихындағы тұңғыш әлемдік №1. Рыбакина ерлер мен әйелдер арасында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілген еліміздің алғашқы спортшысы атанды.

Ресми WTA рейтингі 14 қыркүйекте жаңартылады. Осылайша Рыбакина WTA тарихындағы әлемнің №1 ракеткасы атанған 30-шы әйел теннисші болады.

Тарихи сәт. Қазақстан – әлемнің теннис шыңында!

Еще больше интересного

«Үздік жас отбасы – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Отбасы күніне орай Астанада «Үздік жас отбасы – 2026» қалалық байқауының ақтық кезеңі өтті. Жас отбасылар...

Бектенов денсаулық сақтаудағы цифрландыруды талқылады

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан...

Депутат этикасы

Құрылтай депутаттары алғашқы жалпы отырысын өткізіп, Регламенттің жаңа жобасын қабылдады. Құрылтайдың кезекті сессиясы жыл сайын қыркүйектің бірінші...