«Үздік жас отбасы – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Отбасы күніне орай Астанада «Үздік жас отбасы – 2026» қалалық байқауының ақтық кезеңі өтті. Жас отбасылар арасындағы татулықты, өзара сыйластық пен отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған байқауға биыл 120-ға жуық отбасы өтінім берді. Іріктеу нәтижесінде олардың арасынан 10 отбасы финалға жолдама алды.
Финалдық кезеңде отбасылар екі кезең бойынша сынға түсті. Бірінші кезеңде таныстыру, екінші кезең өнер көрсетуге арналды.
Байқаудың қорытындысы бойынша Арнат Байсейітов пен Дайана Тоқбергенова І орын иеленді. Әділет Молдабек пен Айымгүл Селикова ІІ орын алса, Алтынбек Ысқақ пен Перизат Ғабит ІІІ орын еншіледі. Финалға өткен өзге жеті отбасыға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Жеңімпаз отбасылар байқаудың ерекше әсер қалдырғанын айтты.

«Байқау бізге өте ұнады. Осындай отбасылардың басын қосып, бір-бірімізбен танысып, жақсы әсер алуға мүмкіндік жасаған ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Бұл біз үшін тек жеңіс емес, отбасымызбен бірге өткізген ерекше күн болды», – деді І орын иегерлері Арнат Байсейітов пен Дайана Тоқбергенова.
Қатысушылардың өнерін қазылар алқасы бағалады. Олардың қатарында республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары әрі ұйымның Астана қалалық филиалының төрағасы Бекдайыр Күзембай, этнограф Тұрар Шәкен, «Di Medical» медициналық орталығының директоры Клара Өмірзақова, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің директоры Ырза Тұрсынзада және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, жыршы-әнші Күнсұлу Түрікпен болды.
«Үздік жас отбасы – 2026» байқауы Отбасы күні аясында ұйымдастырылып, берекелі отбасы құндылықтарын насихаттау, жас жұбайлардың қоғамдық белсенділігін арттыру және қоғамға үлгі болар отбасыларды танытуға бағытталды.

Еще больше интересного

Сенім мемлекет пен бизнестің стратегиялық активіне айналуда

Елордада мемлекеттік және корпоративтік коммуникацияларды дамытуға арналған XIV PR Forum Astana конференциясы өтті.Биылғы форумда «Сенім мемлекет пен...

«Бір белдеу, бір жол»: Қазақстанның жаңа бағыты

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Гонконгте өткен 11-ші «Бір белдеу, бір жол» саммитіне қатысты. Саммит –...

Бектенов денсаулық сақтаудағы цифрландыруды талқылады

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан...