«Бұл – ұят. Бұл – саботаж»: Тоқаев жол сапасына жауапты шенеуніктерді қатаң сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жолдардың жағдайын өткір сынға алып, мәселені жылдар бойы шеше алмаған немесе шешуге ниет білдірмеген жауапты тұлғаларға қатысты заң аясында қатаң шара қолданылатынын айтты.

Үкімет пен әкімдіктерге елді мекендердің ішіндегі ғана емес, олардың арасындағы жолдардың да жағдайын түбегейлі реттеуді тапсырды.

«Бұл мәселені ешкім шеше алмады – мұның өзі ұят. Немесе жай ғана шешкісі келмеді, ал бұл – саботаж. Заңның бар қатаңдығымен шара қолданамыз», – деді Президент.

Тоқаев бұған дейін де жол саласындағы жүйелі проблемаларды бірнеше рет көтерген. 2023 жылғы Жолдауында саладағы жемқорлық, мерзімдердің бұзылуы, бәсекенің әлсіздігі және құрылыс сапасының төмендігін атап өткен. Ал 2021 жылы жол құрылысы стандарттарының сақталуына қатаң бақылау орнатуды тапсырған еді.

Еще больше интересного

Балалар құқығы: Қазақстан БҰҰ алдында атқарылған жұмысты таныстырды

Женевада БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 101-сессиясында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелерін орындауы жөніндегі...

Өрт сөндіру кезінде командир қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіру бөлімінің взвод командирі қаза тапты. Оқиға 3-і қыркүйекте Жәнібек...

Ғылымға бөлінген әр теңге қанша табыс әкелді?

«Әділет» партиясының Құрылтайдағы фракциясы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігіне қатысты сауал жолдады. Депутат Тілектес...