Қазақстан Халық Кеңесін кім басқарады?
Қазақстанда жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесі жұмысын бастамақ. Кеңес төрағасы әлі анықталған жоқ.
Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясын 23–24 қыркүйекте Астанада өткізу туралы өкімге қол қойды.
Жаңа органның негізгі функциясы қандай? Билік пен қоғам арасындағы байланысты қалай күшейтпек? Оның Құрылтайдан айырмашылығы неде?
Осы сұрақтарды Құрылтай депутаты Ерлан Саировқа қойған едік.
Айта кетейік, Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына қоғам, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер өкілдері кіреді. Құрамы Президенттің жарлығымен бекітілді.
Кеңес құрамының тізімінде экс-депутаттар мен бұрынғы министрлер де бар.
Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің өкілеттілігі 4 жылға жалғасады.




