Кітап оқудың пайдасы неде?

Мемлекет басшысы «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасын жариялағалы бері кітап оқу мәдениеті жиі талқыланып жатыр. Осыған қатысты сарапшы Ержан Жаубай да өз ойымен бөліскен екен.
Ол кітап оқудың бірнеше пайдасын ұсынады.

Кітап оқу ең алдымен сөздік қорды байытып, ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Ғылыми, тарихи, философиялық және көркем шығармалар адамды салыстыруға, талдауға, себеп-салдарды түсінуге үйретеді. Сонымен қатар ұзақ мәтінді оқу зейінді шоғырландырып, шыдамдылықты қалыптастырады.

Көркем әдебиет қиялды дамытып, басқа адамның сезімі мен өмірін түсінуге мүмкіндік береді. Ал танымдық кітаптар белгілі бір тақырыпты әлеуметтік желідегі қысқа ақпараттан гөрі жүйелі түрде меңгеруге жол ашады.

Әрине, кітап оқымайтын адам міндетті түрде білімсіз болады деу дұрыс емес. Адам дәріс, ғылыми мақала, сапалы курс немесе басқа да ақпарат көздері арқылы білімін толықтыра алады. Маңыздысы – ақпаратты қалай тұтынатынында.

Сондықтан кітап оқудың басты пайдасы – дайын ақпарат алу ғана емес, ұзақ ойлану, салыстыру, елестету және мәселені терең түсіну дағдысын қалыптастыру.

Қандай кітап оқысаңыз да, оны талғаммен таңдаңыз. Сапалы кітап білім беріп қана қоймай, кейде күнделікті күйбеңнен бір сәтке алыстатып, адамға рухани демалыс сыйлайды,-дейді сарапшы.

Еще больше интересного

Қазақстан Халық Кеңесін кім басқарады?

https://youtu.be/FOoObYLz4WI Қазақстан Халық Кеңесін кім басқарады? Қазақстанда жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесі жұмысын бастамақ. Кеңес төрағасы әлі...

Көпеев Тоқаев туралы не деді?

Мемлекет қайраткері,экс- сенатор Мұхамбет Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдарын еске алды. Оның айтуынша, сол кезеңде қазіргі...

«Бұл – ұят. Бұл – саботаж»: Тоқаев жол сапасына...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жолдардың жағдайын өткір сынға алып, мәселені жылдар бойы шеше алмаған немесе шешуге ниет...