Каспийде іздестіру операциясы жалғасуда

Каспий теңізінің акваториясында тәулік бойы үздіксіз іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына оқиға орнында тікелей басшылықты Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жүзеге асыруда. Құрылған жедел штабтың құрамына Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері кірді.

Ауқымды іздестіру-құтқару операциясына 252 әскери қызметші мен қызметкер, 34 бірлік арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ 4 тікұшақты қоса алғанда, 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды. Ведомстволардың күштері мен құралдарымен су айдыны, жағалау аймағы және оған іргелес аумақтар әуеден үздіксіз бақыланып, тексерілуде,-деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.

Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу іс-шараларын жүргізуде. Қаза болғандардың отбасыларына және зардап шеккен әскери қызметшілерге қажетті материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Еске сала кетейік, оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының кенеттен әрі күрт нашарлап, желдің екпіні күшеюіне байланысты ашық теңізге 17 әскери қызметшіні алып кеткен болатын. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде үш әскери қызметші құтқарылды, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасуда. Өкінішке қарай, 12 әскери қызметші қаза тапты.

Еще больше интересного

Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 334 өкімімен Қазақстан Республикасында Маңғыстау облысында қызметтік...

Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, теңізге...

Астана әуежайын дамыту бойынша маңызды келісім жасалды

Қазақстан тарапы Сингапурдың Changi Airports International (CAI) компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім бойынша екі негізгі бағыт...