
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қайғырып көңіл айту жеделхаттарын жолдады.
Жеделхатты табыстау кезінде Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қара жамылған отбасыларға көңіл айтып,кешірім сұрады.
“Басымды иіп, алдарыңызға келіп тұрмын. Бұл қайғы тек сіздің қайғы емес. Бүкіл қазақ елінің қайғысы.Кешіріңіздер,сақтап қала алмадым балаларыңызды”-деді Дәурен Қосанов.





