
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит жүргізуді бастады. Тексеру мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ армия бөлімдерінің материалдық-техникалық жарақтандырылу сапасын қамтиды.
Аудит Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза болуынан кейінгі жағдай аясында жүргізіліп жатыр. Қайғылы оқиғадан кейін ведомствода бірқатар кадрлық және жүйелік шешімдер қабылданды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі істің жай-күйін жан-жақты тексеру үшін арнайы комиссия құруды тапсырған болатын.
Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің басшылығы ауысты. Ведомствоның жаңа басшысы болып Айдос Мырзахметов тағайындалып, ол Дәурен Қосановтың орнына келді.



