Су жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов алғашқы жұмыс кеңесінде армияны реформалаудың негізгі бағытын айқындады.
Министр:
— «Армия есептік көрсеткіштер мен көзбояушылық іс-шаралар үшін емес, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін дамуы керек. Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек», — деді.
Реформа аясында жауынгерлік даярлық қайта қарау,заманауи қақтығыстар тәжірибесі ескеру,
дрондар, радиоэлектрондық күрес, барлау және байланыс технологиялары кеңінен енгізу,артық есептілік пен әкімшілік рәсімдерді қысқарту,бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылауды күшейту,әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен моральдық ахуалына басымдық беру қарастырылған.
Бұл тапсырмалар Қорғаныс министрлігінің қызметіне жүргізіліп жатқан кешенді тексеру аясында да қаралып жатыр.





