
Мәжіліс депутаты Дана Медеуова «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасына бастамашылық ететінін мәлімдеді.
Ол үкіметке жолдаған сауалында дәрігерлердің еңбекақысын жетілдіру, бюрократиялық жүктемені азайту, кадр тапшылығын төмендету және медицина мамандарының кәсіби шешімдерін заңмен қорғайтын заң қажеттігін айтты.
Депутаттың айтуынша, білікті дәрігерді даярлауға кемінде 10 жыл қажет. Сондықтан мамандарды жүйеде ұстап қалу – маңызды міндет.




