Елордада үздік студенттер арасындағы байқау жеңімпаздары марапатталды

6 қазанда Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен елордалық жастар арасында «Студенттік қалқан» жобасы ұйымдастырылды. Ауқымды әлеуметтік-мәдени жобаға елорданың 15-ке жуық жоғары оқу орнының студенттері қатысып, театрландырылған қойылымдарын көрермен назарына ұсынды.
Іс-шара барысында Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев қатысушыларға сәттілік тілеп, жобаның мән-маңызына тоқталды. Оның айтуынша, бастаманың негізгі мақсаты – жастарды жат ағымдардың ықпалынан қорғау, елдің сананы мен адами құндылықтарды дәріптеу.
– Астана қаласының әкімдігі жастарға, әсіресе студенттерге әрдайым ерекше көңіл бөледі. Биыл елордада алғаш рет осындай ауқымды жобаны ұйымдастырып отырмыз. «Студенттік қалқан», менің ойымша, жастар үшін өте пайдалы, өзекті әрі маңызды бастама болмақ.
Екіншіден, «Студенттік қалқан» — «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттайтын, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жоба ғана емес. Бұл — шығармашылықтың, достық пен бірліктің алаңы, – деді Самат Ибраев.
Байқау кезінде студенттер сахналық шеберлік арқылы жат ағымдардың зардабын, ұлттық тәрбие мен дәстүрлі құндылықтардың маңызын, еліміздің зайырлы мемлекет ретіндегі ұстанымын ашып көрсетті.


Тартысты дода қорытындысы бойынша III орынды Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері, II орынды Амангелді Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының өнерпаздары иеленді. Ал I орын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне бұйырды.
Қатысушылардың өнерін теология, мәдениет және медиа саласының мамандарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Олардың қатарында QAZAQ Inclusive Theatre көркемдік жетекшісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Марина Тәңірберген, театртанушы, драматург Бахтияр Тұрсын, документалист, «Alashorda.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы Серік Жолдасбай, Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының менеджері Али Сейдулла және теолог Серікжан Еншібайұлы болды.
Жоба аясында студенттер әзірлеген әлеуметтік бейнероликтер де көрсетілді. Бейнероликтер байқауының жеңімпаздары әлеуметтік желідегі қаралым көрсеткіші бойынша анықталады.
Сонымен қатар шара соңында танымал «JASSTARS» тобы өнер көрсетіп, жастарға қолдау білдірді.

Еще больше интересного

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...

Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Римде Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары...

Гардеробтағы кептеліс: мектеп директоры қызметінен кетті

Астанадағы №99 мектепте оқушылардың гардеробта қысылып қалғаны түсірілген видео тарады. Оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды. Білім басқармасының...