ҰҚК мұнай өнімдерін шетелге заңсыз экспорттаған ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатты. Тергеу дерегінше, 2019–2023 жылдары Batys Nefte Trade компаниясы арқылы 160 мың тоннадан астам өнім шетелге шығарылған. Операциялардың жалпы сомасы шамамен 45 млрд теңгені құраған.
Шикі мұнай Standart Petroleum және Mangystau Oil Refining шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңделіп, сапа паспорттары қолдан жасалған. Кейін өнім Ақтау порты арқылы пеш отыны ретінде рәсімделіп, шетелге жөнелтілген.
Іс аясында шағын мұнай өңдеу зауыттары, танкер және өзге де активтер тәркіленді. Мемлекет кірісіне заңсыз табыс пен төленбеген салық ретінде 2 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді.
Топтың бес мүшесі 8 жылға сотталған. Ал схеманы ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланған.
🎥 ҰҚК




