ҚҰРМЕТ ПЕН ТЕҢ  МҮМКІНДІК

Қоғамның өркениеттілігі әр адамның құқығы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауынан көрінеді. Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейту, өмір сүруіне қолайлы орта ққалыптастыру және қоғам өміріне толыққанды араласуына мүмкіндік беру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше,  2026 жылғы 1 қыркүйекте елімізде мүгедектігі бар 760,6мыңнан астам адам тіркелген. Оның 124 мыңы – балалар.

2026 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 10 пайызға өсті. Ал инклюзивті ортаны дамыту аясында елдегі 43 мың нысан қолжетімділік картасына енгізіліп, 28,5 мыңы толық бейімделген. Биыл бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев:«Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз», – деп атап өткен. 

Бұл бағыттағы жұмыстың мақсаты –әлеуметтік көмекті арттырумен қатар, әр азаматтың білім алуына, еңбек етуіне және қоғамдық өмірге еркін араласуына жағдай жасау. Өйткені инклюзивті қоғам –тең құқықпен өзара құрметке негізделген қоғам.

Еще больше интересного

ТОҚАЕВ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ! «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ЕЛДІҢ...

https://youtu.be/H946RKhmi9Y Мемлекет басшысы «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X құрылтайында кейбір сөздер мен терминдердің әртүрлі жазылуы түсінбеушілік тудыратынын айтты....

БЕЙБІТШІЛІКТІ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМАЛАР

Халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарудан бас тарту, экологиялық тұрақтылық пен мемлекеттер арасында ынтымақтастықты нағайту – Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының...

Тозығы жеткен ЖЭО жаңарту қашан аяқталады?

https://youtube.com/shorts/VwpdMu5Kzok?feature=share