
7 қарашада өткен шараға шамамен 2 мың адам қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов, облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, «Бірлік» қоғамдық тобының мүшелері, волонтерлер мен қоғам белсенділері бар.
Қатысушылар Молодежный және Жансары елді мекендерінде абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Молодежный кентіндегі мәдени-сауық орталығының аумағына 500 түп қылқанжапырақты көшет отырғызылды.

«Бірлік» қоғамдық тобының төрағасы Иван Георгиадидің айтуынша, акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық келісімді нығайту және тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілігін арттыру.
Ұйымдастырушылар экологиялық акцияны жылына екі рет өткізіп, тәжірибені еліміздің өзге өңірлеріне де таратуды ұсынды. Компания өкілдері алдағы уақытта да осындай бастамаларды көшетпен қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.





