
Қоғамның өркениеттілігі әр адамның құқығы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауынан көрінеді. Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейту, өмір сүруіне қолайлы орта ққалыптастыру және қоғам өміріне толыққанды араласуына мүмкіндік беру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 1 қыркүйекте елімізде мүгедектігі бар 760,6мыңнан астам адам тіркелген. Оның 124 мыңы – балалар.
2026 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 10 пайызға өсті. Ал инклюзивті ортаны дамыту аясында елдегі 43 мың нысан қолжетімділік картасына енгізіліп, 28,5 мыңы толық бейімделген. Биыл бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу жоспарланған.
Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев:«Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз», – деп атап өткен.
Бұл бағыттағы жұмыстың мақсаты –әлеуметтік көмекті арттырумен қатар, әр азаматтың білім алуына, еңбек етуіне және қоғамдық өмірге еркін араласуына жағдай жасау. Өйткені инклюзивті қоғам –тең құқықпен өзара құрметке негізделген қоғам.





