ҰҚК: «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды
2026 жылғы 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Елжас Отышиевті және өзге де адамдарды ұстады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.
Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыстық істің өзге деректері тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.





