Шекарадағы кептеліс: КГД не дейді

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісіне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді.

Комитеттің хабарлауынша, Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісін азайту үшін көлік ағыны төрт өткізу бекеті арасында бөлініп жатыр.

МКК Б. Қонысбаев кеден бекетінің басшысы Қайрат Тоғановтың айтуынша, Қазақстан арқылы өтетін транзиттік ағын артқан. Кедендіктер жолдағы кептеліске сол да себеп дейді.

Қараша айында қыркүйекпен салыстырғанда бекеттер арқылы өтетін жүк көліктерінің тәуліктік саны артқан.

  • «Б. Қонысбаев» – 603-тен 740 көлікке дейін (+23%);
  • «Атамекен» – 195-тен 271-ге дейін (+39%);
  • «Қазығұрт» – 320-дан 380-ге дейін (+19%);
  • «Тәжен» – 200-ден 250-ге дейін (+25%).

Биыл 10 айда Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан 741,5 мың жүк көлігі өткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,2 пайызға көп. Комитет жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.

Еще больше интересного

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРЫП, ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТУДА

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен өмір сапасын айқындайтын маңызды міндет. Қазақстанда бұл бағыттағы...

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН: ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУҒА БАСЫМДЫҚ

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені экономиканың маңызды тіректерінің бірі саналады. Қазір салада ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу, өндірісті технологиялық...

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына пікір білдірді

https://youtu.be/vgcDg3QlTuU «Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты....