
«Turkistan Textile» жобасы мақта өсіруден бастап, дайын киім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді қамтиды. Оның аясында элиталық сұрыпты мақта тұқымын жергілікті жерде өсіру, жіп иіру, мата тоқу, киім тігу және дайын өнімді ішкі нарыққа жеткізу әрі экспорттау көзделген.
Ауыл шаруашылық вице-министрі Назгүл Хатепованың айтуынша, жоба елдегі мақта өндірісін дамытуға серпін берді. Қазақстандық өнімге Түркия,Франция елдері қызығушылық танытып отыр.
«Xinjiang Lihua Cotton Co. Ltd» компаниясының атқарушы директоры Сюй Цзе қазіргі уақытта 8 зауыт жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта тағы 25 өндіріс орнын салу жоспарланғанын айтады. Сондай-ақ ол қазақстандық мақта өнімі әлемдік брендерде қолданылатын болады,-дейді.





