
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу – азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштіктің маңызды көрінісі. 2026 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі рәміздерді пайдалану тәртібін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерісті жүзеге асырды.
Үкіметтің 2026 жылғы 26 маусымдағы №556 қаулысымен Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранды пайдалану қағидалары жаңартылды. Атап айтқанда, туды спортшылардың киімі мен жабдықтарында қолдануға рұқсат беріліп, оны орналастыру талаптары нақтыланды.
Мемлекеттік рәміздерге құрмет – елдің тарихы мен тәуелсіздігін қадірлеудің айқын көрінісі. Оларды заң талаптарына сай пайдалану және ұқыпты сақтау әр азаматтың ортақ міндеті. Бұл – ұлттық бірегейлік пен отансүйгіштік құндылықтарын нығайтудың маңызды негізі.





