ЭНЕРГИЯ  ТИІМДІЛІГІ  –  ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ

Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің маңызды бағытына айналды. Бұл ретте өндірістік кәсіпорындардағы энергия шығынын азайту, заманауи технологияларды енгізу және ресурстарды ұтымды пайдалану көзделген.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысында Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығы  2021 жылмен салыстырғанда 4 пайызға төмендеген. Мемлекеттік энергетикалық тізілімге 22 мыңнан астам ұйым енгізілген. Ал энергия аудиттері нәтижесінде өнеркәсіп кәсіпорындары 113,4 млрд теңгеге үнемдеу шараларын жүзеге асырып, 51,44 млрд теңге үнемдеген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергия тиімділігі саясатын түбегейлі қайта қарау қажеттігін атап өтіп,  2029 жылға қарай энергия тұтыну мен шығынға қатысты негізгі көрсеткіштерді кемінде 15 пайызға төмендетуді тапсырған. Өйткені энергия тиімділігін арттыру – өндіріс шығынын азайтып қана қоймай, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтудың маңызды шарты болып отыр.

Еще больше интересного

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...

 «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КРЕДИТТЕУГЕ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУЫ КЕРЕК»

https://youtu.be/q4wl6Ud4f1k «Бұл жөнінде де ұдайы айтып жүрміз. Әлбетте, оңай шаруа емес. Өйткені банктер – жекеменшік. Осы ретте кредитті шаруаларға...

ӨҢДЕУ СЕКТОРЫ: ӨНДІРІСТІК ТІЗБЕКТЕР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРАДЫ

Қазақстанда өңдеу секторын дамытудың жаңа кезеңі өндірістік кооперацияны кеңейту және отандық кәсіпорындардың технологиялық мүмкіндіктерін арттырумен байланысты. Бұл...