
Түркістанда ашылған 50 мың бас ірі қара бордақылайтын кешен жылына 15 мың тонна ет өңдеуге қауқарлы.
«Turkestan Agro KZ» ЖШС жүзеге асырған жобаның құны – 8,4 млрд теңгені құрайды.

Мұнда малды бордақылап, сойып, етін өңдеп, дайын өнімді саудаға шығарады. Кәсіпорын басшысы Сырым Ертаевтың айтуынша, ірі өндіріс экспортқа бағытталған. Әзірге Өзбекстан,Тәжікстан және Қырғызстан елдеріне ет экспорттап жатыр. Енді қазақстандық етті Түркия нарығына шығаруды көздеп отыр.
Кәсіпкер малдың тілін білетін мамандардың еңбегін бағалай білу керек дейді. Оның өндірісіндегі жұмыскерлердің айлығы 400 мың теңгеден басталады.





