«ЖЕМҚОРЛАРҒА ЕШҚАНДАЙ АЯУШЫЛЫҚ НЕМЕСЕ РАҚЫМШЫЛЫҚ БОЛМАЙДЫ»

«Қазақстан сенімді серіктес ретінде Конституциядағы «Заң және Тәртіп» қағидатының тұрақты, болжамды әрі ашық ортаның берік негізіне айналуын қамтамасыз етеді.
 
«Заң және Тәртіп» – жай ғана мемлекеттік саясаттың бір қағидаты емес. Ол – менің Әділетті Қазақстан құру жолындағы асқақ мұратымның арқауы, өзегі десем болады.
 
Елімізде жүріп жатқан жан-жақты саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар әділдік, отаншылдық, толеранттылық, еңбекқорлық, шығармашылық, зайырлылық және прогресс құндылықтарымен астасып, біте қайнасып жатыр.
 
Конституциямызда заң мен сот алдында бәрі тең екенін анық жазу арқылы осы өзгерістердің нәтижесін бекемдей түсеміз.
 
Осы ретте сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргіземіз. Бұл – біздің табанды ұстанымымыз. Бұған дейін айтқанымдай, жемқорларға ешқандай аяушылық немесе рақымшылық болмайды.
 
Жемқорлық – кез келген мемлекет үшін үлкен зауал. Өйткені халықтың сеніміне селкеу түсіреді, ел дамуына кедергі келтіреді және жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін жоққа шығарады.
 
Сондықтан менің ұстанымым өзгермейді: кінәлілердің ешқайсысы заң жүзіндегі жауапкершіліктен сытылып кете алмайды. Оған лауазымы да, сіңірген еңбегі де, тіпті ықпалды «қамқоршылары» да көмектеспейді.
 
Заң алдында бәрі бірдей болуға тиіс. Сонда ғана біз реформаларды соңына дейін жеткізіп, ел-жұртымыздың үмітін ақтай аламыз».

Еще больше интересного

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...

 «ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КРЕДИТТЕУГЕ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУЫ КЕРЕК»

https://youtu.be/q4wl6Ud4f1k «Бұл жөнінде де ұдайы айтып жүрміз. Әлбетте, оңай шаруа емес. Өйткені банктер – жекеменшік. Осы ретте кредитті шаруаларға...

ӨҢДЕУ СЕКТОРЫ: ӨНДІРІСТІК ТІЗБЕКТЕР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРАДЫ

Қазақстанда өңдеу секторын дамытудың жаңа кезеңі өндірістік кооперацияны кеңейту және отандық кәсіпорындардың технологиялық мүмкіндіктерін арттырумен байланысты. Бұл...