«ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КРЕДИТТЕУГЕ БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУЫ КЕРЕК»

«Бұл жөнінде де ұдайы айтып жүрміз. Әлбетте, оңай шаруа емес. Өйткені банктер – жекеменшік.

Осы ретте кредитті шаруаларға қолайлы шартпен ұзақ мерзімге беру қажет.

Қарызды өтеу кестесінде нақты өндіріс циклі ескерілуге тиіс және инвестициялық кезеңде негізгі берешектің төлемін кейінге шегеру мүмкіндігі болғаны жөн.

Фермерлер кредиттің алғашқы төлемін жабу үшін егінін жинап бола сала, өнімін арзан бағаға сатып жіберуге мәжбүр. Бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен министрлік осы мәселені шешуге кірісуі керек.

Әрине, мұны тілек қана емес, тапсырма деп түсініңіздер. Бәріміз бір елде тұрамыз, бір ауамен тыныстаймыз, бір жердің суын ішеміз.

Сондықтан табыста аса үлкен алшақтық болмауы керек. Қаржы көздеріне қолжетімділік туралы түсінікте де айырмашылық болмағаны жөн.

Шаруалар да мемлекетіміз көптеген, соның ішінде көрші елдермен салыстырғанда ауыл шаруашылығы саласына орасан зор қаржы құйып жатқанын түсінуге тиіс. Мұнда масылдыққа орын жоқ.

Яғни бөлінген қаражат мақсатқа сай тиімді жұмсалуы керек».

Еще больше интересного

Сот FlyArystan-ның әрекетін заңсыз деп таныды

Сот Сауда және интеграция министрлігінің FlyArystan компаниясына берген нұсқамасын заңды деп таныды. Тексеру барысында әуе компаниясының ішкі ережелерінен...

ӨҢДЕУ СЕКТОРЫ: ӨНДІРІСТІК ТІЗБЕКТЕР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРАДЫ

Қазақстанда өңдеу секторын дамытудың жаңа кезеңі өндірістік кооперацияны кеңейту және отандық кәсіпорындардың технологиялық мүмкіндіктерін арттырумен байланысты. Бұл...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ:  ЖАҺАНДЫҚ КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІК

Қазақстан халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, жаһандық қауіпсіздік пен орнықты даму мәселелеріне белсенді қатысуда. Сыртқы істер министрлігінің 2026...