Қазақстан EGOV-тан бас тарта ма?

Бүгінде ресейлік компанияға қатысы жоқ отандық «Қазтех» платформасы әзірленіп жатыр. Ал бұған дейін БАҚ-да тараған «ресейлік компания eGov порталына балама ретінде Қазақстан Үкіметі үшін цифрлық платформа әзірлейді»- деген ақпарды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жоққа шығарды. Бұл жайында министр үкімет дәлізінде pikirmedia.kz тілшісінің сұрағына жауабында айтты. Осылайша, миниср Мәдиев Қазақстан Egov порталынан бас тартады деген қауесетке нүкте қойды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондықтан оны теріске шығарамын. Egov – біздің азаматтарымызға мыңнан астам қызметті ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өте танымал тетік. Өздеріңіз білетіндей, қазір мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамын онлайн режимде алуға болады. Атап айтқанда, Egov-ты тоқтатуға жол бере алмаймыз. Egov — мемлекеттік қызметтерді алудың маңызды құралы, клиенттерге барынша ыңғайлы форматта қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп отыр», — деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, бүгінде ресейлік компанияға қатысы жоқ отандық «Қазтех» платформасы әзірленіп жатыр. Ол платформа Қазақстанға арналып жасалып отыр. Бұл өз кезегінде микросервис архитектурасы базасында ақпараттық жүйелерді даярлауға мүмкіндік беретін тетік. Жалпы, бұл бағытта қазақстандық мамандар ұмыс істеп жатқанын айтты ол.

Тағы оқыңыз...

«Қазақстанның болашағы – адам капиталы»: Ұлттық теледебат қорытындыланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Сол өзгерістердің, Конституциялық жаңарулар аясында...

Ұлттық теледебат: Партиялар өз бағдарламаларын таныстырды

Qazaqstan Ұлттық телеарнасында тікелей эфирде өтіп жатқан теледебаттың алғашқы кезеңінде Құрылтайына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері өздерінің...

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғырумен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа...

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі Қазақстандағы саяси өзгерістердің заңды жалғасы болмақ,- деген пікірімен...