Антикор жабылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылып,Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді. Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы Жарлыққа қол қойды. Өзгерістер аясында Антикор таратылып, оның жедел функциялары Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беріледі. ҰҚК базасында жаңа орган — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылады.

Сондай-ақ, Жарлықта қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілсін делінген.

Тағы оқыңыз...

Блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды

Енді өзбекстандық блогерге іздеу жарияланды. Қазақстанда заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалауға қатысы бар деген күдікпен Өзбекстан азаматы Махмуд Хикматов...

Абай күні

10 тамыз Ұлы Абайдың туған күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.Президент құттықтауында...

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және...

Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп»...