Қазақстан EGOV-тан бас тарта ма?

Бүгінде ресейлік компанияға қатысы жоқ отандық «Қазтех» платформасы әзірленіп жатыр. Ал бұған дейін БАҚ-да тараған «ресейлік компания eGov порталына балама ретінде Қазақстан Үкіметі үшін цифрлық платформа әзірлейді»- деген ақпарды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев жоққа шығарды. Бұл жайында министр үкімет дәлізінде pikirmedia.kz тілшісінің сұрағына жауабында айтты. Осылайша, миниср Мәдиев Қазақстан Egov порталынан бас тартады деген қауесетке нүкте қойды.

—«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондықтан оны теріске шығарамын. Egov – біздің азаматтарымызға мыңнан астам қызметті ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өте танымал тетік. Өздеріңіз білетіндей, қазір мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамын онлайн режимде алуға болады. Атап айтқанда, Egov-ты тоқтатуға жол бере алмаймыз. Egov — мемлекеттік қызметтерді алудың маңызды құралы, клиенттерге барынша ыңғайлы форматта қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп отыр», — деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, бүгінде ресейлік компанияға қатысы жоқ отандық «Қазтех» платформасы әзірленіп жатыр. Ол платформа Қазақстанға арналып жасалып отыр. Бұл өз кезегінде микросервис архитектурасы базасында ақпараттық жүйелерді даярлауға мүмкіндік беретін тетік. Жалпы, бұл бағытта қазақстандық мамандар ұмыс істеп жатқанын айтты ол.

Тағы оқыңыз...

Қорғаныс министрлігіне кешенді тексеру жүргізіледі

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізетін арнайы комиссия құрылды,-деп хабарлайды Ақорда. Тексерудің негізгі...

«Дала дәмі» жәрмеңкелеріне 3,5 мың тоннаға жуық өнім шығарылды

Қазақстанның барлық өңірінде өтіп жатқан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде сатылымға шығарылған өнім көлемі 3,5 мың тоннаға...

Каспийде қаза болған әскери жерленді

Каспийде қаза тапқан әскери Аяпберген Сержанды соңғы сапарға шығарып салуға көпшілік жиналды. Марқұмның туған-туыстары Қорғаныс министрлігі өкілдері ұсынған...