Өңірлерде құрылысы тоқтап қалған үйлер мәселесі әлі шешілмеген

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов Аққыстау ауылына сапары барысында құрылысы тоқтап қалған үш қабатты, 60 пәтерлік 3 тұрғын үй нысанын аралап көрді.

Бұл үйлердің құрылысы 2019 жылы басталғанымен, соғылған үйлердің қабырғалары жарылып, апаттық деп танылуына байланысты құрылыс жұмыстары әкімшілік тарапынан тоқтатылған.

Дәл қазіргі уақытта салынған үйлерге 2.3млрд. қаржы кеткен. Ғимараттардың қаңқасы тұрғызылғанмен, ішкі әрлеу, инженерлік жүйелер мен абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген.

Тұрғындар мен жергілікті әкімдік өкілдері аталған нысандардың аяқталуы — баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін аса маңызды екенін жеткізді. 

Депутат бұл мәселені жауапты органдармен бірлесе қарап, шешу жолдарын қарастыратынын айтты. Сонымен бірге «ҚазҚСҒЗИ» АҚ — құрылыс саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институтынан арнайы мамандар шақырып, тұрғын үй кешені туралы шешім шығару керектігін айтты. Құрылыс тоқтап тұрған үйлер — тек ауыл тұрғындарының ғана емес, жалпы өңірлік дамудың өзекті мәселесі ретінде қаралуы тиіс екенін атап өтті.

https://www.instagram.com/reel/DLz_7T_ohZW/?igsh=MXRmYTVkb201ZTRtNA==

Тағы оқыңыз...

Қорғаныс министрлігіне кешенді тексеру жүргізіледі

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізетін арнайы комиссия құрылды,-деп хабарлайды Ақорда. Тексерудің негізгі...

«Дала дәмі» жәрмеңкелеріне 3,5 мың тоннаға жуық өнім шығарылды

Қазақстанның барлық өңірінде өтіп жатқан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде сатылымға шығарылған өнім көлемі 3,5 мың тоннаға...

Каспийде қаза болған әскери жерленді

Каспийде қаза тапқан әскери Аяпберген Сержанды соңғы сапарға шығарып салуға көпшілік жиналды. Марқұмның туған-туыстары Қорғаныс министрлігі өкілдері ұсынған...