1900 адам криптовалютамен байыймын деп алданды

Тағы да аңқау халық алаяқтардың тұзағына түсті. Криптовалютамен байытамыз деп сендіргендер 1900 адамды сан тоқтырып кетті.
Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Matic Basket» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша,
ұйымдастырушылар өздерін «YouTube», «WhatsApp» және «Telegram» әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды «Matic Basket» жобасына ақша салуға шақырған. Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда уәде еткен.
Салымшылардың салған ақшалары 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен. Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған.

Жаңа қатысушыны тартқан жағдайда әрбір қаржылық операциядан 10% көлемінде кіріс түсетіні айтылған.
Нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 млн теңгеден астам қаражат салынған.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды.
Тергеу амалдары жалғасуда.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

    https://t.me/afm_rk/3121

    Еще больше интересного

    Қорғаныс министрлігіне кешенді тексеру жүргізіледі

    Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізетін арнайы комиссия құрылды,-деп хабарлайды Ақорда. Тексерудің негізгі...

    «Дала дәмі» жәрмеңкелеріне 3,5 мың тоннаға жуық өнім шығарылды

    Қазақстанның барлық өңірінде өтіп жатқан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде сатылымға шығарылған өнім көлемі 3,5 мың тоннаға...

    Каспийде қаза болған әскери жерленді

    Каспийде қаза тапқан әскери Аяпберген Сержанды соңғы сапарға шығарып салуға көпшілік жиналды. Марқұмның туған-туыстары Қорғаныс министрлігі өкілдері ұсынған...