Өңірлерде құрылысы тоқтап қалған үйлер мәселесі әлі шешілмеген

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов Аққыстау ауылына сапары барысында құрылысы тоқтап қалған үш қабатты, 60 пәтерлік 3 тұрғын үй нысанын аралап көрді.

Бұл үйлердің құрылысы 2019 жылы басталғанымен, соғылған үйлердің қабырғалары жарылып, апаттық деп танылуына байланысты құрылыс жұмыстары әкімшілік тарапынан тоқтатылған.

Дәл қазіргі уақытта салынған үйлерге 2.3млрд. қаржы кеткен. Ғимараттардың қаңқасы тұрғызылғанмен, ішкі әрлеу, инженерлік жүйелер мен абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген.

Тұрғындар мен жергілікті әкімдік өкілдері аталған нысандардың аяқталуы — баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін аса маңызды екенін жеткізді. 

Депутат бұл мәселені жауапты органдармен бірлесе қарап, шешу жолдарын қарастыратынын айтты. Сонымен бірге «ҚазҚСҒЗИ» АҚ — құрылыс саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институтынан арнайы мамандар шақырып, тұрғын үй кешені туралы шешім шығару керектігін айтты. Құрылыс тоқтап тұрған үйлер — тек ауыл тұрғындарының ғана емес, жалпы өңірлік дамудың өзекті мәселесі ретінде қаралуы тиіс екенін атап өтті.

https://www.instagram.com/reel/DLz_7T_ohZW/?igsh=MXRmYTVkb201ZTRtNA==

Тағы оқыңыз...

Блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды

Енді өзбекстандық блогерге іздеу жарияланды. Қазақстанда заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалауға қатысы бар деген күдікпен Өзбекстан азаматы Махмуд Хикматов...

Абай күні

10 тамыз Ұлы Абайдың туған күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.Президент құттықтауында...

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және...

Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп»...