1900 адам криптовалютамен байыймын деп алданды

Тағы да аңқау халық алаяқтардың тұзағына түсті. Криптовалютамен байытамыз деп сендіргендер 1900 адамды сан тоқтырып кетті.
Қаржы мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Matic Basket» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты. Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша,
ұйымдастырушылар өздерін «YouTube», «WhatsApp» және «Telegram» әлеуметтік желілері арқылы жарнамалап, азаматтарды «Matic Basket» жобасына ақша салуға шақырған. Олар криптовалюта биржасында майнинг пен трейдинг арқылы жоғары пайда уәде еткен.
Салымшылардың салған ақшалары 5 000 теңгеден 1 100 АҚШ долларына дейін жеткен. Алайда салымшыларға ақша салғанын растайтын ешқандай құжат берілмеген, әрі олармен келісімшарт немесе ресми келісімдер жасалмаған.

Жаңа қатысушыны тартқан жағдайда әрбір қаржылық операциядан 10% көлемінде кіріс түсетіні айтылған.
Нәтижесінде қаржы пирамидасына Қазақстан мен ТМД елдерінің 1900-ден астам азаматы тартылып, жалпы сомасы 80 млн теңгеден астам қаражат салынған.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салынды.
Тергеу амалдары жалғасуда.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

    https://t.me/afm_rk/3121

    Еще больше интересного

    «Қазақстанның болашағы – адам капиталы»: Ұлттық теледебат қорытындыланды

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Сол өзгерістердің, Конституциялық жаңарулар аясында...

    Ұлттық теледебат: Партиялар өз бағдарламаларын таныстырды

    Qazaqstan Ұлттық телеарнасында тікелей эфирде өтіп жатқан теледебаттың алғашқы кезеңінде Құрылтайына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері өздерінің...

    Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғырумен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа...

    Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі Қазақстандағы саяси өзгерістердің заңды жалғасы болмақ,- деген пікірімен...