Астана күні қарсаңында үздік отбасылар марапатталды

Астана күні қарсаңында ҚР Ұлттық музейінде «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында өткен «Біздің жүрегіміздегі Астана» бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Байқаудың мақсаты – жас отбасылардың шығармашылығын қолдау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және елордаға деген сүйіспеншілікті насихаттау. Байқауға Астанадан 30-ға жуық жас отбасы қатысып, Астанамен байланысты ең жарқын естеліктерін бейнеролик арқылы ұсынды. Жеңімпаздар Instagram әлеуметтік желісіндегі лүпіл (лайк) саны бойынша анықталды.

Салтанатты рәсімге Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.

Самат Ибраев өз сөзінде байқаудың отбасы бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызын атап өтіп, қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, жеңімпаз отбасылар өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша 20 үздік қатысушы Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Еще больше интересного

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына пікір білдірді

https://youtu.be/vgcDg3QlTuU «Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты....

Шекарадағы кептеліс: КГД не дейді

https://youtube.com/shorts/RXENIdoEX5w?feature=share Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісіне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді. Комитеттің хабарлауынша, Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы жүк көліктерінің кептелісін...

Шекарадағы үш күндік кептеліс

https://youtube.com/shorts/-pLFYhm1KBM?feature=share Түркістан облысының Келес ауданындағы Қонысбаев транзит жолында Қытайдан келе жатқан жүк көліктері үш күннен бері ұзын-сонар кептелісте...