Астана әуежайын дамыту бойынша маңызды келісім жасалды

Қазақстан тарапы Сингапурдың Changi Airports International (CAI) компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Келісім бойынша екі негізгі бағыт бар:

Астанада жаңа әуежай салу.
Жоба елорданы халықаралық авиациялық хабқа айналдырып, транзиттік мүмкіндігін арттыруды көздейді.

Қазіргі әуежайды дамыту
CAI қолданыстағы Астана әуежайын басқаруға, оның операциялық жұмысына және одан әрі дамытуға қатысуы мүмкін.

Қазір тараптар жобаның нақты шарттарын, серіктестік құрылымын және қажетті құжаттарды келісіп жатыр.

Айта кетейік, Changi Airport – әлемдегі ең ірі халықаралық авиациялық хабтардың бірі. 2025 жылы әуежай шамамен 70 млн жолаушыға қызмет көрсеткен.

Астана енді Орталық Азиядағы маңызды авиациялық хабтардың біріне айналуды көздеп отыр.

Еще больше интересного

Депутат жастарды есірткі бизнесінен қорғау үшін студенттерге тегін тамақ...

Қазақстанда колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін базалық әлеуметтік қолдау пакетімен қамтамасыз ету ұсынылды. Бұл жастарды қылмысқа...

Шот бұғатталса, өмір сүруге ақша қалуы керек

«Ауыл» партиясы фракциясы Ұлттық банкке депутаттық сауал жолдап, банк шоттарына шектеу қойылған азаматтардың өмір сүруіне қажетті қаражатын...

Астанада автотұрақта бес көлік өртенді

Астанада тұрғын үй кешенінің маңындағы ашық автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі...