«Күмәнім жоқ» Тоқаев Қошановқа сенім білдірді

Сонымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы креслосына Ерлан Қошанов жайғасты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы болып сайланды. Тоқаев «бұл – конституциялық мәртебесі бар, беделді лауазым. Сондықтан бұл лауазымға елге белгілі, халық пен биліктің арасында дәнекер болатын азамат келуге тиіс»- деді. Осының бәрін ескере отырып, мен Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасын ұсынғанын айтты.

«Бұл азаматты бәріңіз жақсы білесіздер, жауапкершілігі жоғары, білікті, тәжірибесі мол тұлға. Ол мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жыл еңбек етті, бұл жұмысты абыроймен атқарды. Мәжіліс Төрағасы ретінде ауқымды реформаларды іске асыруға белсене атсалысты. Енді Халық Кеңесі Төрағасы ретінде табысты жұмыс істеп, қоғамдық келісімді нығайтуға мол үлес қосатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасына мұқият назар аударып, қолдайсыздар деп сенемін, – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы консультативтік мекемеге кәсіби білігі жоғары мамандар, абырой-беделі зор, нағыз отаншыл азаматтар мүше болғанын айтты.

«Олардың қатарында жұртшылыққа белгілі тәжірибелі тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен көптеген белсенді азаматтар бар. Құрылтайдың алғашқы отырысында айтып өткенімдей, ауқымды реформалардың арқасында мемлекеттік басқару ісіне жаңа, жасампаз, озық ойлы азаматтардың келуіне жол ашылды. Ел мүддесі үшін адал қызмет ету – зор мәртебе әрі қастерлі парыз. Осы орайда, Сіздерге – Халық Кеңесінің әрбір мүшесіне ерекше жауапкершілік жүктеліп отыр. Сіздер ел игілігі үшін табанды еңбек етіп, мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосасыздар деп сенемін. Ырысты ынтымағымызды, қоғамдық келісімді күшейту үшін белсенді түрде еңбек етесіздер деп ойлаймын, – деді Тоқаев.

Еще больше интересного

Қошанов Қазақстан Халық Кеңесін басқарады

https://youtube.com/shorts/KtcUuS3QBeU?feature=share Президент Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды. Тоқаев Кеңестің бірінші сессиясына қатысқан...

Кітап оқудың пайдасы неде?

Мемлекет басшысы «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасын жариялағалы бері кітап оқу мәдениеті жиі талқыланып жатыр. Осыған қатысты сарапшы...

Қазақстан Халық Кеңесін кім басқарады?

https://youtu.be/FOoObYLz4WI Қазақстан Халық Кеңесін кім басқарады? Қазақстанда жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесі жұмысын бастамақ. Кеңес төрағасы әлі...