АТБАСАР АУДАНЫНДА КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАЛА БАСТАДЫ

Енді Ақмола облысының бес ауданының тұрғындары күрделі операция мен мамандандырылған медициналық көмек алу үшін облыс орталығына баруға міндетті емес.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңғыртылған Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасында жаңа медициналық бағыттар ашылды. Кардиохирургия, нейрохирургия, эндокринология, урология және балалар хирургиясы бойынша көмек көрсетіледі.

Ангиограф орнатылғалы бері 160-қа жуық операция жасалған. Бұған дейін жіті коронарлық синдромы бар науқастар 200 шақырымнан астам жердегі Көкшетауға жіберілетін.

Ауруханаға соңғы екі жылда 51 маман тартылды, бүгінде мұнда 85 дәрігер еңбек етеді. Медицина қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй және 8,5 млн теңгеге дейін әлеуметтік қолдау қарастырылған.

Босандыру бөлімінде биыл сегіз айда 270 сәби дүниеге келген.

Жаңғыртылған аурухана бүгінде Ақмоланың бес ауданындағы 106 мыңнан астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетеді.

Мақсат – сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша жақындату.

Еще больше интересного

Депутат жастарды есірткі бизнесінен қорғау үшін студенттерге тегін тамақ...

Қазақстанда колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін базалық әлеуметтік қолдау пакетімен қамтамасыз ету ұсынылды. Бұл жастарды қылмысқа...

Шот бұғатталса, өмір сүруге ақша қалуы керек

«Ауыл» партиясы фракциясы Ұлттық банкке депутаттық сауал жолдап, банк шоттарына шектеу қойылған азаматтардың өмір сүруіне қажетті қаражатын...

Астанада автотұрақта бес көлік өртенді

Астанада тұрғын үй кешенінің маңындағы ашық автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі...