Теміржолшылар күні: сала қызметкерлері құрметке ие болды

Қазақстанда Теміржол көлігі қызметкерлері күніне орай Көлік министрлігінде салтанатты іс-шара өтті. Жиынға сала ардагерлері, теміржолшылар, еңбек әулеттерінің өкілдері мен көлік саласының басшылары қатысты.

Бүгінде елімізде теміржол саласында 110 мыңнан астам адам еңбек етеді. Соңғы бес жылда саладағы өндіріс көлемі 3,4 есеге өсіп, биыл 3,3 трлн теңгеге жетеді деп күтілуде. Сонымен қатар теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып, жаңа желілер салынып, вокзалдар мен жылжымалы құрам кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр.

Соңғы бес жылда теміржол транзиті 20 млн тоннадан 33 млн тоннаға дейін ұлғайды. Ал жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында 650-ден астам вагон жаңартылып, биыл тағы 191 жаңа вагон жеткізіледі.

Салтанатты жиында теміржол саласының дамуына үлес қосқан 27 маман Көлік министрлігінің ведомстволық марапаттарына ие болды. Оның ішінде 19 қызметкер «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталды.

Еще больше интересного

Блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды

Енді өзбекстандық блогерге іздеу жарияланды. Қазақстанда заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалауға қатысы бар деген күдікпен Өзбекстан азаматы Махмуд Хикматов...

Абай күні

10 тамыз Ұлы Абайдың туған күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.Президент құттықтауында...

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және...

Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп»...