
Қазақстанда қоғамдық кеңестер институтының тиімділігі артып келеді. Биылғы алғашқы жартыжылдықта азаматтардан түскен 900-ден астам өтініш қаралып, олардың 60%-дан астамы оң шешімін тапты.
Осы кезеңде қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты 3 400-ден астам заң жобасын қарап, 495-тен астам қоғамдық тыңдау өткізді. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор басшыларының 990 есебі тыңдалып, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мен ашықтықты күшейтуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.
Бүгінде елімізде 264 қоғамдық кеңес бар. Оның 36-сы – республикалық, 228-і – жергілікті деңгейде жұмыс істейді. Кеңес мүшелерінің 74%-ын азаматтық қоғам өкілдері құрайды





