КҚК жұмысы толық тоқтамайды – Энергетика министрлігі

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысы толық тоқтатылады деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомствоның мәліметінше, 31 шілдеде КҚК мұнай құбырының жұмысы уақытша тоқтатылғанымен, жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жалғасып жатыр.

1 тамыздан бастап мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаны құрайды. Ал тасымалдау көлемін одан әрі арттыру теңіз терминалында танкерлердің уақытылы тиеуге қойылуына байланысты болады.

Министрлік КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты байланыста екенін, жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Еще больше интересного

Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және...

Кеше партиялар мектептерде, ауруханаларда, зауыттарда және архивтерде сайлаушылармен кездесіп, әр саланың өзекті мәселелерін талқылады. Көтерілген тақырыптар әртүрлі...

Теміржолшылар күні: сала қызметкерлері құрметке ие болды

Қазақстанда Теміржол көлігі қызметкерлері күніне орай Көлік министрлігінде салтанатты іс-шара өтті. Жиынға сала ардагерлері, теміржолшылар, еңбек әулеттерінің...

Қазақстандықтардың қоғамдық кеңестерге жолдаған өтініштерінің 60%-дан астамы оң шешімін...

Қазақстанда қоғамдық кеңестер институтының тиімділігі артып келеді. Биылғы алғашқы жартыжылдықта азаматтардан түскен 900-ден астам өтініш қаралып, олардың...