Түнгі ата-ана чаттарына нүкте қойыла ма?

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің жұмыс уақытынан кейінгі жеке уақытына құрметпен қарау қажеттігін айтты.

Министрдің сөзінше, мұғалімдер алты сабақтың өзінде шамамен 150 баламен жұмыс істейді. Одан кейін дәптер тексеріп, келесі сабақтарға дайындалады.

«Мұғалімнің жұмыс уақыты бар және жеке уақыты бар. Педагогтерге күш жинап, демалуына мүмкіндік беруіміз керек», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрлік ата-аналарға қатаң тыйым салмайды. Алайда баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты шұғыл жағдайлардан басқа мәселелер бойынша нақты байланыс тәртібі белгіленбек.

Яғни мұғалім де жұмыс уақыты аяқталған соң демалуға құқылы.

Еще больше интересного

Депутат жастарды есірткі бизнесінен қорғау үшін студенттерге тегін тамақ...

Қазақстанда колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін базалық әлеуметтік қолдау пакетімен қамтамасыз ету ұсынылды. Бұл жастарды қылмысқа...

Шот бұғатталса, өмір сүруге ақша қалуы керек

«Ауыл» партиясы фракциясы Ұлттық банкке депутаттық сауал жолдап, банк шоттарына шектеу қойылған азаматтардың өмір сүруіне қажетті қаражатын...

Астанада автотұрақта бес көлік өртенді

Астанада тұрғын үй кешенінің маңындағы ашық автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі...