Қазақстан Қытайдың ірі атом электр станцияларының тәжірибесін зерделеді

Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қытайға жұмыс сапары барысында Цзянсу провинциясындағы Тяньвань атом электр станциясы мен салынып жатқан Сюйвэй атом электр станциясына барып, атом энергетикасындағы озық технологиялармен және басқару тәжірибесімен танысты.

Сапар аясында қазақстандық делегация Қытайдың Мемлекеттік энергетика басқармасы, Қытай ұлттық ядролық корпорациясы (CNNC) және атом саласындағы жетекші компаниялардың өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында атом электр станцияларын жобалау, салу, пайдалану, цифрландыру, кадр даярлау және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстандық мамандар Тяньвань АЭС-інің жұмысымен танысып, Ресейдің ВВЭР реакторлары мен Қытай технологиялары қолданылған нысанның қауіпсіз әрі тиімді пайдаланылу тәжірибесін зерделеді. Сондай-ақ әлемдегі алғашқы гибридті атом жобаларының бірі саналатын Сюйвэй атом электр станциясының құрылысы көрсетілді. Бұл жоба үшінші буындағы Hualong One реакторлары мен төртінші буындағы жоғары температуралы газбен салқындатылатын реакторды біріктіреді.

Делегация ядролық және радиациялық қауіпсіздік жүйелерімен, цифрлық басқару шешімдерімен, өндірістік процестерді ұйымдастыру және кадр даярлау тәжірибесімен де танысты.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Қытайдың атом энергетикасындағы тәжірибесі Қазақстан үшін маңызды практикалық мәнге ие.

«Бұл тәжірибені зерделеу атом энергетикасын дамыту жөніндегі өз бағдарламасын жүзеге асырып жатқан Қазақстан үшін ерекше маңызды. Қытайлық әріптестеріміздің ашықтығы мен тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін жоғары бағалаймыз. Бұл екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді», – деді агенттік төрағасы.

Сапар қорытындысында Қазақстан мен Қытай атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, тәжірибе алмасу, кадрлар даярлау, инженерлік құзыреттерді дамыту және халықаралық үздік тәжірибелерді енгізу бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін растады.

Еще больше интересного

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...