Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінді

Қазақстан Үкіметі 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуге Үкіметтің резервінен 34,3 млрд теңге бөлді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов брифингте мәлімдеді.

Қаражат неге жұмсалады?

Өтемісовтің айтуынша, бұл қаржы Үкімет резервінен бөлінді, өйткені өткен жылы республикалық бюджет бекітілген кезде Құрылтай сайлауын өткізу жоспарланбаған болатын.

Оның сөзінше, шығындар сметасы аумақтық сайлау комиссияларының өтінімдері мен заңнама талаптары негізінде ОСК тарапынан әзірленген. Бөлінген қаражат сайлау науқанын толық ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

ОСК мүшесі Михаил Бортниктің мәліметінше, еліміз бойынша 10 674 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беруді ұйымдастыруға 70 мыңнан астам адам тартылады.

Жалпы соманың шамамен төрттен бірі – 8,5 млрд теңге – сайлау комиссияларының қызметін қамтамасыз етуге жұмсалады. Бұл қаражатқа 47 жаңа сайлау учаскесі ашылып, дауыс беру жәшіктері, кабиналар және өзге де қажетті жабдықтар сатып алынады.

Сонымен қатар қаржы мынадай бағыттарға бөлінеді:

  • сайлау бюллетеньдерін басып шығару;
  • саяси партиялар туралы әдістемелік материалдар мен ақпараттық плакаттар әзірлеу;
  • сайлауды ақпараттық сүйемелдеу, оның ішінде дауыс беру күні мен уақыты туралы ақпарат тарату;
  • байланыс қызметтеріне ақы төлеу;
  • көлік шығындары;
  • сайлау комиссиялары үшін кеңсе тауарларын сатып алу.

Шетелде де сайлау учаскелері ашылады

Бұдан бөлек, Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігіне 124,5 млн теңге бөледі. Бұл қаражат 61 мемлекетте 80 сайлау учаскесін ашуға, сайлау бюллетеньдерін жеткізуге және іссапар шығындарын өтеуге бағытталады.

Еске салайық, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Соған сәйкес екі палаталы Парламенттің орнына 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтай құрылды. Оның депутаттары партиялық тізімдер бойынша 5 жыл мерзімге сайланады.

Еще больше интересного

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...