Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені қайта төмендету туралы шешім қабылдады. 4 қыркүйектен бастап базалық мөлшерлеме жылдық 16,25% деңгейінде белгіленді. Пайыздық дәліз ±1 пайыздық тармақты құрайды.

Бұған дейін базалық мөлшерлеме шілде айында 16,75%-ға дейін төмендетілген болатын.

Неліктен мөлшерлеме төмендетілді?

Ұлттық банк шешім қабылдау кезінде макроэкономикалық бағалауларды, жаңа болжамдарды және инфляцияға әсер ететін тәуекелдерді ескерді.

Негізгі факторлардың бірі – баға өсімінің баяулауы. Тамызда жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеді. Ұлттық банктің мәліметінше, дезинфляция процесі 11 ай қатарынан жалғасып келеді.

Азық-түлік инфляциясы 9,5%-ға дейін төмендеді. Бұған жеміс-жидек пен көкөніс бағасының арзандауы және импорттық өнім құнының төмендеуі әсер еткен.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі 11,4%-ға дейін баяулаған. Қызмет көрсету саласындағы инфляция да 8,9%-ға дейін төмендеді.

Инфляция бойынша болжам қандай?

Тамызда тұтыну бағалары 0,6%-ға өсті. Халықтың инфляциялық күтулері де төмендеді: шілдеде алдағы бір жылға болжам 12,1% болса, маусымда бұл көрсеткіш 13,4% болған.

Ұлттық банк 2026 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 9–11% деңгейінде болады деп болжап отыр.

Ал 2027 жылға арналған болжам жоғары қарай қайта қаралды. Енді реттеуші инфляцияны 6,5–8,5% деңгейінде күтеді. Бұған дейінгі болжам 5,5–7,5% болатын.

Ұлттық банктің келесі базалық мөлшерлеме бойынша шешімі 2026 жылғы 23 қазанда жарияланады.

Еще больше интересного

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...

Астанада есірткі қосылған 238 печенье тәркіленді

Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Тінту кезінде олардан...

Қазақстаннан 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз шығарылған

ҰҚК мұнай өнімдерін шетелге заңсыз экспорттаған ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатты. Тергеу дерегінше, 2019–2023 жылдары Batys Nefte Trade...