Абай күні

10 тамыз Ұлы Абайдың туған күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.
Президент құттықтауында ұлы ойшылдың шығармашылық және зияткерлік мұрасы әлемдік әрі ұлттық мәдениеттің асыл қазынасында айрықша орын алатынын атап өтті.

— Абай ілімі — рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз. Ақын жұртшылықты толғандыратын көкейкесті мәселелерді бүкпесіз айтып, халқымызды бейқамдық пен жалқаулықтан аулақ болуға шақырды. Хакімнің «Толық адам» идеясы — әрбір азаматты рухани кемелденуге үндейтін және ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын мазмұны терең тұжырым, — деді мемлекет басшысы.
Тоқаевтың айтуынша, елде жүргізіліп жатқан өзгерістердің түпкі мәні — жасампаздық құндылықтарын азаматтардың санасына сіңіріп, Қазақстанның тың қарқынмен дамуына жол ашу.

— Біз қоғамда жаңа этиканы қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және гуманистік идеалдарды дәріптеу барысында әрдайым Абайға жүгінеміз. Ұлы ақын халықтың болашағы үшін білімпаздық, еңбекқорлық, жауапкершілік сынды қасиеттер өте маңызды екенін ұғындырды, көрегендік танытып, жұртты бірлік пен келісімді сақтауға шақырды, — деді Президент.

Абайдың қара сөздерінің тағылымы қазіргі Қазақстанның құндылықтарымен толық үндесетінін атап өтті.

— «Адал Азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» тұғырнамалық идеялары — Абай армандаған берекелі қоғамның берік негізі. Сондықтан, біз Әділетті, Озық әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз, — деді ол.

Еще больше интересного

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...

Қазақстандықтарға енді жұмыс іздеуге жасанды интеллект көмектеседі

Қазақстанда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жүйесін проактивті форматқа көшіру жоспарланып отыр. Яғни, жұмыссыз азамат енді бос жұмыс орындарын...