«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп» бағытының таныстырылымында мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне жат ұстанымдарды таңуға бағытталған әрекеттер қайта байқала бастады.

«Осы тұста Әділет партиясының ұстанымын білдіремін: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біз жаңа Конституцияны қабылдадық. Бұдан былай оны мемлекет те, қоғам да қорғауы және құрметтеуі де тиіс. Жаңа Конституциямызда «Заң мен тәртіп» қағидаты нақты бекітілген. Ешқандай діни догма Конституция мен еліміздің заңнамасынан жоғары тұра алмайды. Біз кемсітушілікке, қоғамның жіктелуіне және жастар санасын улауға әкелетін архаикалық және радикалды түсіндірмелерді қоғамға таңуға жол бермейміз. Мемлекет дәстүрлі отбасылық құндылықтарды, әйелдердің қадір-қасиетін және мәдениет еркіндігін дәйекті түрде қорғауы тиіс. Бұл – өмірде де, интернеттегі посттарға да бірдей қатысты. Жаңа Конституцияның талаптарын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ. Конституциялық нормалар мен қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекеттер бірден тиісті құқықтық бағасын алуы тиіс. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға бірдей және бұлтартпай сақталуы керек», – деді өз сөзінде.

Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Еще больше интересного

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...

Қазақстандықтарға енді жұмыс іздеуге жасанды интеллект көмектеседі

Қазақстанда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жүйесін проактивті форматқа көшіру жоспарланып отыр. Яғни, жұмыссыз азамат енді бос жұмыс орындарын...