
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақтыдамуын мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Мемлекет басшысы: “Балалардың амандығы – мемлекеттің жарқын болашағының кепілі” екенін бірнеше мәрте атап өтіп, балалардың құқықтарын қорғау, психологиялық әл-ауқатын нығайту және қауіпсіз орта қалыптастыру мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болуы тиіс екенін айтты.
Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында Алматы қаласы әкімдігіне қарасты Денсаулық сақтау, Білім және Жастар саясаты басқармалары балалар мен жасөспірімдер арасындағы мүлдемтөзбеушілік мінез-құлықтың алдын алу бойынша кешенді профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Негізгі басымдық – қауіптің алдын алу, психологиялық қолдауды күшейту, ата-аналар мен педагогтердің хабардарлығын арттыру және жасөспірімдердің өмірлік дағдыларын қалыптастыру. Бүгінде Алматыда ведомствааралық өзара іс-қимыл тетіктері күшейтіліп, тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтау, оларды психологиялық сүйемелдеу және қажетті қызметтерге жедел бағыттау жұмыстары жолға қойылған. Бұл бағытта медициналық ұйымдар, білім беру мекемелері, әлеуметтік қызметтер және құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысына ерекше мән берілуде. Сонымен қатар тұрғындарға психологиялық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі шаралар іске асырылуда.
Мемлекеттік деңгейде қабылданған “Қазақстан балалары” 2026–2030 жылдарғаараналған тұжырымдамасы балалардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етудің жаңа кезеңі айқындады. Құжатта суициттік қауіптерді ерте анықтаудың бірінғай жүйесін қалыптастыру, халықаралық тәжірибеге негізделген диагностикалық әдістемелерді енгізу, мектептердегі психологиялық қызметтердің әлеуетін күшейту, психологиялық қолдау орталықтарының жұмысын жетілдіру және ата-аналарментұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу көзделген. Сондай-ақәлеуметтік-эмоционалдық дағдыларды дамыту, өміршеңдік мәдениетін қалыптастыру және булингтің алдын алу негізгі басымдықтардың қатарына енгізілген.
Алматы қаласында да бұл бағыттағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Мектептерде семинарлар, психологиялық тренингтер, ата-аналар жиналыстары, кеңес беру кездесу ашық есік күндері өткізіліп, балалардың эмоционалдық жағдайына ерекше назар аударылуда. Психолог мамандар мен әлеуметтік педогогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар да кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл шаралардың барлығы балалардың психикалық денсаулығын нығайтуға және қиын өмірлік жағдайларға төзімділігін арттыруға бағытталған.
Балалардың қауіпсіздігі тек мемелекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан ата-аналар, педогогтер, медицина қызметкерлері мен қоғам өкілдерінің өзара сенімі мен үйлесімді ынтымақтастығы ерекше маңызға ие. Рухани құндылықтарды дәріптеу, отбасылық тәрбиені нығайту, ашық қарым-қатынасмәдениетін қалыптастыру және уақытылы психологиялық қолдау көрсету – жас ұрпақтың өмір сапасын жақсартудың маңызды алғышарттары болып қала береді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының ауқымын кеңейту, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және профилактика тетіктерін жетілдіру арқылы Алматы қаласы жас ұрпақтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асырып келеді.




