Экс-депутат қазына қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді

Алматы облысында 2,6 млрд теңгеден астам субсидияны жымқыру ісі сотқа жолданды

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті (ҚМА) агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бөлінген бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық схеманы Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты ұйымдастырған. Ол ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибесі мен мемлекеттік субсидиялау тетіктерін пайдаланып, бюджет қаражатын заңсыз алудың тұрақты схемасын құрған.

Тергеу барысында күдіктінің өзіне қарасты кәсіпорындар мен Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында тіркелген 29 шаруа қожалығын пайдаланғаны анықталды. Олар уәкілетті органдарға өнеркәсіптік таңқурай алқаптарын отырғызуға арналған элиталық көшеттерді сатып алу туралы жалған құжаттар тапсырған. Сонымен қатар сатып алу-сату шарттары, қабылдау-тапсыру актілері, электрондық шот-фактуралар және отырғызу материалын өндірушілерді аттестаттау жөніндегі құжаттар да қолдан жасалған.

Алайда іс жүзінде көрсетілген көлемде көшеттер жеткізілмеген. Тергеу дерегіне сәйкес, құжаттарда көрсетілген кейбір шаруашылықтардың өнеркәсіптік көлемде таңқурай өсіруге нақты мүмкіндігі болмаған.

Осының салдарынан бюджеттен 2,6 млрд теңгеден астам субсидия заңсыз алынған.

ҚМА мәліметінше, заңсыз алынған қаражаттың 491 млн теңгесі қор нарығындағы операцияларға жұмсалған. Осы мақсатта күдіктінің жұбайының атына брокерлік шот ашылып, ол арқылы қазақстандық және шетелдік компаниялардың бағалы қағаздары сатып алынған.

Бұдан бөлек, 400 млн теңге уақытша қаржылай көмек көрсету сылтауымен «iSolutions Capital» микроқаржы ұйымына аударылып, кейін кезең-кезеңімен қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Сондай-ақ тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті ұрланған қаражаттың 170 млн теңгесін Қонаев қаласындағы казинода құмар ойындарға жұмсаған.

Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі төрт пәтерге, үш автокөлікке, жеке тұрғын үйге және бағалы қағаздарға тыйым салынды.

Үш күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Еще больше интересного

Мәдениет министрлігіне қарасты білім алушылардың жарты жылдағы жетістігі –...

Жарты жылда Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден астам жүлделі орын иеленді2026...

Қазақ ұлттық спорт университеті салтанатты түрде ашылды

Астанада Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағы ең ірі білім беру жобаларының бірі...

Қазақстан экономикасы анағұрлым әртарапты болып келеді – шетелдік сарапшылар

Қазақстан халықаралық деңгейде шикізаттық экономика ретінде ғана емес, біртіндеп өсудің неғұрлым орнықты моделін қалыптастырып келе жатқан мемлекет...