Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр Атырау облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.

Жиында Президенттің Атырау облысының әкімі қызметіне екі кандидат – KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов пен облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов ұсынылды.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 101 депутаттың 83-і Болат Ақшолақовты, 18-і Дарын Шамұратовты қолдады. Осыдан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Облыс активімен кездесуде Олжас Бектенов бұрынғы әкім Серік Шәпкеновке өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жаңа әкімді таныстырды.

Премьер-министр Президенттің жаңа Конституция аясында өңір басшылығына жүктеген негізгі міндеттерін атап өтті. Олардың қатарында экологиялық жағдайды жақсарту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, жол-көлік жүйесін дамыту, өңір экономикасын өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустрия арқылы әртараптандыру, инвестиция тарту, заңсыз құрылыстың алдын алу және «Заң мен тәртіп» пен «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру бар.

Сондай-ақ өңірдегі арнайы экономикалық аймақтың әлеуетін тиімді пайдалану, инженерлік желілерді жаңарту және қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды азайту бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Еще больше интересного

Тоқаев: Құтқарушылар бес жылда 240 мыңға жуық адамға көмектесті

Бүгін Құтқарушылар күні. Осы мерекеге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды Соңғы бес жылда Қазақстан құтқарушылары...

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...