«Дала дәмі» жәрмеңкелеріне 3,5 мың тоннаға жуық өнім шығарылды

Қазақстанның барлық өңірінде өтіп жатқан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде сатылымға шығарылған өнім көлемі 3,5 мың тоннаға жуықтады. Бұл өткен аптадағы көрсеткіштен шамамен екі есе көп.

Жәрмеңкелер ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылуда. Негізгі ерекшелігі – шаруалар өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыға ұсынады. Жәрмеңкеге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да шығарылады, ал сауда орындары шаруаларға тегін беріледі.

Осы демалыс күндері Астанада Абай, Маңғыстау және Алматы облыстарының шаруалары өнімдерін саудалап жатыр. Алматыда жәрмеңке бірден төрт нүктеде ұйымдастырылып, онда 600 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылған. Ал Шымкенттегі жәрмеңкеге фермерлер 500 тоннадан астам өнім әкелді.

Жәрмеңкелерде ет өнімдеріне сұраныс жоғары. Қарағанды облысындағы сауда орындарында 52 тонна сиыр еті сатылымға шығарылған. Астанада Абай облысының шаруалары сиыр және жылқы етін килограмын 3500 теңгеден ұсынып отыр. Қостанайда сиыр етінің келісі 3200-3500 теңге, жылқы және қой еті 3000 теңгеден басталады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жәрмеңкелердегі баға нарықтағы орташа деңгейден 20 пайызға дейін төмен.

«Дала дәмі» жәрмеңкелері биыл қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық өңірінде ортақ атаумен өткізіліп келеді. Жоба отандық шаруалар мен тұтынушыларды тікелей байланыстыруға бағытталған.

Еще больше интересного

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Шымкент қаласының полиция департаменті Қайрат Нұртастың концертінде орын алған...

«Концерт кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамдардың көптеп жиналуынан концертке келген...

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...