Қорғаныс министрлігіне кешенді тексеру жүргізіледі

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізетін арнайы комиссия құрылды,-деп хабарлайды Ақорда.

Тексерудің негізгі бағыттарының бірі – әскери құрылымдарды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы жағдай.

Комиссияны ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады. Оның құрамына Жоғары аудиторлық палата, Қаржылық мониторинг агенттігі, Қауіпсіздік Кеңесі аппараты, Қаржы министрлігі, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ұлттық экономика министрлігінің басшылары кіреді.

Яғни тексеруге қаржы, аудит, құқық қорғау және ұлттық қауіпсіздік салаларының жауапты тұлғалары жұмылдырылады.

Комиссия жүргізілген жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы жеті күн ішінде Мемлекет басшысына баяндауы тиіс.

Бұл тексеру Қорғаныс министрлігіндегі басқару, қаржыландыру және әскери бөлімдерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесінің нақты жағдайын бағалауға бағытталған.

Комиссияның құрылуы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қоғамда Қарулы күштердегі қауіпсіздік, қызметті ұйымдастыру және жауапкершілік мәселелері кең талқыланып жатқан кезеңге тұспа-тұс келіп отыр.

Еще больше интересного

«Дала дәмі» жәрмеңкелеріне 3,5 мың тоннаға жуық өнім шығарылды

Қазақстанның барлық өңірінде өтіп жатқан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде сатылымға шығарылған өнім көлемі 3,5 мың тоннаға...

Каспийде қаза болған әскери жерленді

Каспийде қаза тапқан әскери Аяпберген Сержанды соңғы сапарға шығарып салуға көпшілік жиналды. Марқұмның туған-туыстары Қорғаныс министрлігі өкілдері ұсынған...

“Кешіріңіздер,сақтап қала алмадым балаларыңызды”: Қорғаныс министрі кешірім сұрады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қайғырып көңіл айту жеделхаттарын жолдады. Жеделхатты табыстау кезінде Қорғаныс...