Жедел жәрдем қаржысын жымқырғандарға 8-9 жыл берілді

Астана қаласының прокуратурасы мен ҰҚК қалалық департаменті бірлесіп, 2020–2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын жымқыру схемасының жолын кесті.

Арнайы прокурорлардың жетекшілігімен ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды.

Тергеу барысында санитарлық автокөліктердің қосалқы бөлшектерін заңсыз есептен шығару және жалған қызмет көрсету шарттарын жасау фактілері анықталды.

Соның салдарынан жұмыс істеп тұрған жедел жәрдем көліктерінің саны 149-дан 32-ге дейін азайған. Қалған көліктер қосалқы бөлшектерінің ұрлануына байланысты пайдаланудан шығарылған.

2024 жылы туындаған қиын жағдайды еңсеру үшін мемлекеттік органдар қосымша қаражат жұмсап, такси қызметтерін жалдауға мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта «103» қызметінің автопаркі толық қалпына келтірілді.

Іс бойынша 4 қызметкер, оның ішінде орта буындағы екі басшы және станция директоры ұсталды.

Олардың заңсыз әрекеттерінен мемлекетке 740 млн теңге көлемінде аса ірі материалдық залал келтірілген.

2026 жылдың 28 шілдесіндегі сот үкімімен жедел жәрдем станциясының бұрынғы директоры М.Оразбаев мемлекетпен сенiп тапсырылған қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырып иемденгені үшін 9 жылға, ал оның көмекшілері әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату және «Рақымшылық жасау туралы» Заң қолданылмайды.
Үкім занды күшіне енген жоқ.

Еще больше интересного

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...

Астанада есірткі қосылған 238 печенье тәркіленді

Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Тінту кезінде олардан...

Қазақстаннан 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз шығарылған

ҰҚК мұнай өнімдерін шетелге заңсыз экспорттаған ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатты. Тергеу дерегінше, 2019–2023 жылдары Batys Nefte Trade...